ПетроKазахстан: Баспасөз хабарламалары : Шымкент мұнай өңдеу зауытында жаңғырту жобасының 2 кезеңінің жалпы зауыт шаруашылығы нысандарында құрылыс жұмыстары механикалық аяқталды
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ


Шымкент мұнай өңдеу зауытында жаңғырту жобасының 2 кезеңінің жалпы зауыт шаруашылығы нысандарында құрылыс жұмыстары механикалық аяқталды
29 желтоқсан 2017 ж.

Шымкент мұнай өңдеу зауытында жаңғырту жобасының 2 кезеңінің жалпы зауыт шаруашылығы нысандарында құрылыс жұмыстары механикалық аяқталды.

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-нің – Шымкент мұнай өңдеу зауытында Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бекіткен кестеге сәйкес зауытты жаңғырту жобасының 2-кезеңінде салынатын – су дайындау қондырғысы, сығылған ауа қондырғысы, азот өндіру қондырғысы, айналма сумен жабдықтау қондырғысы, резервуар парктері, әкімшілік ғимараттар, кіші стансалар және т.с.с. жалпы зауыт шаруашылығы нысандарындағы құрылыс-монтаждау жұмыстарының механикалық аяқталғаны туралы актіге қол қойылды. Аталған жалпы зауыт шаруашылығының нысандары Каталитикалық крекинг қондырғысын іске қосу үшін қажет. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының механикалық аяқталғаны туралы актіге қол қойылған сәттен бастап іске қосу-реттеу жұмыстары басталады.

2018 жылғы 15 наурызда жаңғырту жобасының технологиялық қондырғыларында құрылыс-монтаждау жұмыстарын механикалық аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Ал 2018 жылғы 16 наурызда технологиялық қондырғыларда іске қосу алдындағы жұмыстар басталады деп күтілуде. 2018 жылдың 1 шілдесінде каталитикалық крекинг қондырғысына шикізат қабылдау жоспарланып отыр. Сонымен шикізатты өңдеу тереңдігін жоғарылатуға және зауыттың мұнай өңдеу қуатын жылына 6 млн. тоннаға дейін көбейтуге бағытталған жаңғырту жобасын 2018 жылдың 30 қыркүйегінде аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз.

Жалпы алғанда, зауытты жаңғырту жобасының аясында шикізатты алдын ала гидротазалау блогы бар изомерлеу қондырғысы (қуаты жылына 600 мың тонна), күкірт өндіру қондырғысы (қуаты жылына 4 мың тонна) салынып, іске қосылды, әрекеттегі дизель отынын гидротазалау қондырғысы реконструкциядан өткізілді, мөлдір мұнай өнімдерін саңылаусыз құю қондырғысының және зауыт инфрақұрылымының басқа да нысандарының құрылысы аяқталды.

Жобаны іске асыру кезінде – АҚШ-тың  UOP, Францияның AXENS, Қытайдың CPE сияқты жетекші әлемдік компанияларының заманауи және алдыңғы қатарлы мұнай өңдеу технологиялары пайдаланылды. Жобалаушылар ретінде Италияның Technip компаниясы және Қазақстанның «Казгипронефтетранс» ИК ЖШС тартылды.

Аталған жобаның бас мердігері – China Petroleum Engineering & Construction Corporation компаниясы. Ол әлемдік мұнайгаз өнеркәсібі саласындағы ірі инжинирингтік және құрылыс компанияларының бірі болып табылады.

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-де Жаңғырту жобасын іске асыру әрекеттегі өндірісті тоқтатпастан жүргізіліп жатқанын айта кету қажет.



← Жаңалықтар бетіне қайту